Оқиға

Қарағанды облысында бақташы ауылдасын атып өлтірді – видео

Күдікті сол күні ішімдік ішкен күйде мал бақпақшы болған. Ал жәбірленуші оған ескерту жасаған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында бақташы ауылдасын мылтықпен атып тастады, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Ресми мәліметке сәйкес, 29 қыркүйек күні кешкі сағат 18.00 шамасында Қарқаралы ауданы Қасым Аманжолов ауылы маңында оқ жарақаты бар 50 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Полицейлер күдіктіні ізін суытпай тапты. Ол сол ауылдың 35 жастағы тұрғыны болып шықты.

"Күдікті сол күні ішімдік ішкен күйде мал бақпақшы болған. Ал жәбірленуші оған ескерту жасаған. Екеуі сөзге келіп қалды. Арты жанжалға ұласып, бақташы қару қолданған", - дейді полицейлер.

Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-тармағы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктінің қаруы тәркіленіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетері, бұл бап бойынша сегіз жылдан он бес жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз: