Спорт

Токио Олимпиадасында болған сәтсіздік қайталануы мүмкін – комитет себебін атады

Бас хатшы Олимпиада комитетінің резевпен айналыспайтынын ерекше атап өтті. Осы жұмысқа министрліктің спорт комитеті жауапты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Олимпиадалық резерв мәселесі келесі ойындарда да жағымсыз нәтижеге әкеліп соқтыруы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Токио Олимпиадасындағы сәтсіздіктің басты себебі – резерв мәселесі. Пандемия басталғалы олимпиадалық дайындық орталықтарының жұмысы толығымен тоқтатылды деуге болады. Ал екі жыл ішінде олимпиадалық резервтің екі буыны жоғалған шығар. Соның бәрі алдағы Олимпиада ойындарында жағымсыз нәтижеге әкеліп соқтыруы мүмкін", - деді Крюков Бас ассамблея отырысында.

Оның айтуынша, ұлттық құрамаларды үнемі мықты резервпен толықтырып отыру қажет. Соның арқасында ғана халықаралық дәрежеде жоғары жетістіктерге жетуге болады.

"Осы орайда спортшылардың жасын атап өткен жөн. Бұған дейінгі Рио Олимпиадасымен салыстырғанда Токио Олимпиадасына қатысқан командамыз 2 жылға қартайған. Осының өзі ұлттық құрамалардың сапалы резервпен жаңармай отырғанын көрсетіп тұр", - деп атап көрсетті Крюков.

Бас хатшы Олимпиада комитетінің резевпен айналыспайтынын ерекше атап өтті. Осы жұмысқа министрліктің спорт комитеті жауапты.

Оқи отырыңыз: