Спорт

Дмитрий Баландин сүйіктісіне ұсыныс жасады – фото

Спортшы 2019 жылдың мамыр айынан бері Калифорнияда белгілі бапкер Дэйв Сало жетекшілігімен жаттығып жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек — Sputnik. 26 жастағы Рио-2016 Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин сүйіктісі Кристина Тыныбаеваға ұсыныс жасады.

Дмитрий Баландин сүйіктісіне ұсыныс жасады – фото

Толғанысты сәтті бойжеткен өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

25 жастағы Кристина Тыныбаева да спортқа бейім. Ол синхронды жүзумен айналысады.

Дмитрий Баландин – Олимпиадада жүзуден алтын жеңіп алған тарихтағы алғашқы қазақстандық спортшы. Ол 1995 жылы Алматыда туған.

2019 жылдың мамыр айынан бері Баландин Әділбек Мусин және Әділ Қасқабаевпен бірге Калифорнияда белгілі бапкер Дэйв Сало жетекшілігімен жаттығуда.

Дмитрий Баландин сүйіктісіне ұсыныс жасады – фото

Шілде айында Кванджуда (Оңтүстік Корея) өткен су спорт түрлері бойынша әлем чемпионатында Баландин 100 қашықтықты брасс әдісімен 59.03 уақытымен жүзіп өтті. Бұл Қазақстанның жаңа рекорды. Баландин Токио-2020 Олимпиадасына екінші лицензияны ұтып алды, алайда финалда жетінші орынға тұрақтады. 

Ол өзінің сәтті қашықтығы брасс әдісімен 200 метрді 2:08.25 уақытымен өтті.