Фото

"Киімнің киелісі – кимешек": Алматы орталық музейіндегі көрме – фото

Sputnik

Көрмеде музей қорындағы ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасыр аралығына тән Қазақстанның әр өңірінен жинақталған қазақ әйелдерінің кимешегі мен оны безендіруге арналған зергерлік бұйымдар қойылды.

Соның ішіндегі көнесі – Қарағанды өңірінен алынған 200 жылға жуық тарихы бар кимешек.

Кимешек – Орталық Азия әйелдеріне тән баскиім. Жалпы кимешектің 16 түрі белгілі, оның 12 түрі Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музей қорында сақталған.

"Көрменің мақсаты – қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің тамырын сақтап, оны дамыта отырып, болашақ ұрпақтың рухани, мәдени кеңестігін, ұлттық сана-сезімін және рухани иммунитетін қалыптастыру. Мемлекеттік орталық музей қорындағы кимешектердің түрлері арқылы көпшілікке кеңінен таныстыру және насихаттау", - деп көрсетті мемлекеттік орталық музейдің баспасөз қызметі.

Көрмеге қандай кимешек қойылғанын Sputnik Қазақстан фотолентасынан көре аласыз.

1 / 15
Кимешек – Орталық Азия әйелдерінің баскиімі. Кимешектің қазақ әйелдеріне тән баскиім болып қалыптасуына экологиялық ахуал мен көшпелі өмір салтының ерекшеліктері әсер еткен
2 / 15
Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейінде 2021 жылдың 24 қыркүйегінде "Киімнің киелісі – кимешек" көрмесі ашылды
3 / 15
Жалпы кимешектің 16 түрі белгілі, оның 12 түрі Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық музей қорында сақталған
4 / 15
Кимешек әр аймақтың тұрмыс-тіршілігіне байланысты туындаған. Бір кимешектің екінші өңірде өзгеше болатыны белгілі. Алайда оның түпкі мақсаты өзгермеді. Ол қыста суықтан, жазда ыстықтан қорғаумен қатар, ақ жаулықты аналардың киелі орамалы саналады
5 / 15
Көрмеге кимешекпен қатар оны безендіруге арналған зергерлік бұйымдар қойылды
6 / 15
Көрмеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музей қорындағы ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасыр аралығына тән Қазақстанның әр өңірінен жинақталған қазақ әйелдерінің кимешектерін көруге болады
7 / 15
Алматы облысында жиырмасыншы ғасырдың басында мақта матадан тігілген кимешек
8 / 15
Көрмедегі бұйымдардың ішінде ең көнесі – Қарағанды өңірінен алынған 200 жылға жуық тарихы бар кимешек
9 / 15
Музейдегі кимешектер бір-бірінен бетінгі өрнек пен тігілген моншағы арқылы ажыратылады
10 / 15
Алматы облысы Талдықорған өңірінде тігілген кимешек. Оған мақта мата, шытыра, маржан, моншақ, кесте қолданылған. Бұл кимешек 20 ғасырдың басына тән
11 / 15
Екі бөлек үшбұрышты мата өңірінен және арқа тұсынан тігіп біріктірілген кимешек. Өңіріне екі үшкіл қиық салынған. Өңірі мен басты жауып тұратын тұсы екі қабат матадан тігілген. Желке тұсына ұсақ бүрмелер салынған. Кимешек Алматы облысында 1970 жылы тігілген
12 / 15
Кимешектің жақтары
13 / 15
Көрменің мақсаты – қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің тамырын сақтап, оны дамыта отырып, болашақ ұрпақтың рухани, мәдени кеңестігін, ұлттық сана-сезімін және рухани иммунитетін қалыптастыру
14 / 15
Көрмеге қойылған кимешек
15 / 15
Көрмеге кимешекпен қатар оны безендіруге арналған зергерлік бұйымдар қойылды