Кезекті сән апталығы карантин жағдайында өтті және сәтті аяқталды. Пандемия сән әлемінің білгірлеріне осы маусымға тыңғылықты дайындалуға кедергі болмады.
Біз жинақтаған фотоларда Миландағы сән апталығында көрсетілген италиялық Fendi сән үйі жасаған жарқын, ерекше киімдер бар.
Fendi әйелдер, аң терісінен жасалған ерекше киімінің дизайнері етіп британ сәнгер Ким Джонсты тағайындады. Ол қазіргі заманғы ханымдар әмбебап, ыңғайлы және функционалды киімдерді жақсы көреді деп санайды. Осы бағытты жаңа көктемгі топтаманы ойлап табу кезінде ұстанды. Алайда сән мен салтанатты да назардан тыс қалдырмады.
Қазіргі Fendi топтамасына 80-жылдардағы стильге ұқсайтын жасанды жүннен жасалған тондар кірді. Fendi дәл осы үлгісі арқылы танымал екені белгілі. Италиялық сән үйі былғары мен аң терісінен тігілген киімдерді шығаруға маманданған.
Көктем 2021 жоғары сән апталығында таныстырылған киімдерді біздің фотолентадан көріңіз.