Әлем

Ирландияда "ауырсынуды басатын" ән шықты

Ғалымдарға жоспарды жүзеге асыруға музыкант Anatole көмектесті. Трек авторлары музыка адам ағзасындағы дофаминнің көбеюіне әкелуі мүмкін дейді
Sputnik

АЛМАТЫ, 27 қыркүйек – Sputnik. Дублин университеті колледжінің ғалымдары ауырсынудың кей түрін біршама бәсеңдететін ән ойлап тапты. Ән шығаруға музыкант қатысты, деп хабарлайды Daily Mail.

All of us деп аталатын трек бас, арқа, бұлшықет, етеккір кезінде қатты ауырсыну сезінген 286 адамға сыналды. Зерттеуге қатысушылар әнді тыңдау кезінде ауырсынудың қарқындылығы азаятынын айтты.

Медициналық музыканы жасаушылардың бірі доктор Клэр Хоулиннің айтуынша, ән пациентте "ғажайып" сезімін қалыптастыру үшін аспап пен оркестр элементтері қолданылған.

Музыкант Anatole ғалымдарға жоспарды жүзеге асыруға көмектесті. Трек авторлары музыка адам ағзасындағы дофаминнің (бақыт гормонының) көбеюіне әкелуі мүмкін дейді.

Оқи отырыңыз: 

Ауыр сырқатқа шалдыққан ресейлік әнші қиналып жүргенін айтып берді

Екінші әйелі болудан бас тартқан: танымал әнші сұхбат берді – видео

Әнші Динара Қырықбаева отбасындағы жағдай туралы: айтатын уақыт келді