Видео

Astana Marathon: Қазақстандықтар Олимпиада чемпиондарымен бірге жүгірді – видео

Жексенбі күні Қазақстанның 45 қаласынан, жақын және алыс шетелден үш мыңнан астам адам Astana Marathon 2021 марафонында жүгірді
Sputnik

Биылғы марафон Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. 18 бен 76 жас аралығындағы қатысушылар EXPO аумағынан бастап елорданың сол жағалауындағы көшелермен 10 және 42,2 шақырым қашықтыққа жүгірді. Олардың арасында сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, қала әкімі Алтай Көлгінов және екі Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен Данияр Елеусінов болды. Қатысушылардың барлығы Ashyq арқылы өтті.

Astana Marathon: Қазақстандықтар Олимпиада чемпиондарымен бірге жүгірді – видео

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов Astana Marathon жүгірушілер мен спортпен айналысатындардың арасында танымал спорттық іс-шара екенін атап өтті.  

"Жүгіру және спортпен тұрақты айналысу денсаулыққа оң әсер етеді, иммунитетті нығайтады! Әр қатысушы – жеңімпаз, өйткені табандылық пен жаттығудың арқасында ол кедергілерді жеңе алды", - дейді ол.

Мәреге жеткендердің бәрі естелік медаль алды, ал іс-шарада жиналған қаражат, әкімнің айтуынша, қайырымдылыққа жіберіледі деп жоспарланып отыр.