Олардың бірі – "Отпантауда" жуырда Қазақстан президенті Қасым -Жомарт Тоқаев болды. Әскерилер бас қолбасшыға техниканың барлық мүмкіндігі мен сарбаздардың қабілетін көрсетті.
Танк құрамалары соғыс қимылдарын жүргізуге арналған ерекше тәсілдерді паш етті. Мысалы жауынгерлік бөлімшелерді пайдалану кезінде жер асты коммуникациялары қолданылды. Алдын ала дайындалған түнелдермен жылжып келе жатқан оқ ату тобы жау қапталдарын қоршап алып, жойды.
Ауыр әскери техника фортификациялық коммуникацияны пайдалана отырып ұрысқа кірісті. Танкистер "Сақ қорғаны" майдан шебінен және "Үңгір-шоқпар" қапталынан оқ атудағы тактикалық әдістерді жетілдіріп жатыр.