Оқиға

Нұр-Сұлтан әуежайында болған жағдайға қатысты түсініктеме жарияланды – видео

Бұл уақытта жолаушылар болмаған. Тиісті қызметтер дер кезінде әрекет етті, зардап шеккендер жоқ, деді әуежайдың баспасөз қызметі
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 қыркүйек — Sputnik. Нұр-Сұлтан әуежайының халықаралық терминалында кабель тұйықталып, түтін шықты. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан әуежайында болған жағдайға қатысты түсініктеме жарияланды – видео

"Ұшуға шығатын сегізінші жолда құбырдың жылыту кабелінен түтін шықты. Бұл халықаралық терминал. Бұл уақытта жолаушылар болмады. Тиісті қызметтер дер кезінде әрекет етті, зардап шеккендер жоқ", - деді әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шәлекенов.

Ол әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлады. Оқиға рейс уақытына әсер етпеген.

Нұр-Сұлтан әуежайында болған жағдайға қатысты түсініктеме жарияланды – видео