Әлем

Он минутта 1,5 литр газдалған сусын ішкен жігіт қайтыс болды – БАҚ

Алайда Лондон Университет колледжінің профессоры жігіт тек газдалған сусын кесірінен өлді дегенге сенбейді. Ол бактериялық инфекция болуы мүмкін деген болжам жасады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Қытайда 22 жастағы жігіт 10 минутта 1,5 литр қатты газдалған сусын ішіп, қайтыс болды, деп жазады "Газета.ru"

Daily Mail басылымы Coca Cola екенін нақтылады.

Бейжіңнің Чаоянь госпиталі дәрігерлерінің айтуынша, жігіт бір бөтелке сусын ішкеннен кейін алты сағат өткен соң маман көмегіне жүгінген. Ол күн ыстық болғандықтан, бір жарым литр сусынды бірден ішкен. Кейін іші қатты ауырып, ісіп кеткен. Дәрігерлер бауырға газбен күресуге көмектесетін дәрі берді. Алайда ер адам 18 сағаттан кейін көз жұмды.

Медициналық есепке сәйкес, сусынды тым тез ішкендіктен, ішекте өте көп мөлшерде газ жиналған. Қысыммен газ қақпалық көктамырға түсіп, бауырға оттегі жетпей қалған. Пациентті сою кезінде бауыр ишемиясы анықталды.

Алайда Лондон Университет колледжінің профессоры Натан Девис жігіт тек газдалған сусын кесірінен өлді дегенге сенбейді. Ол бактериялық инфекция болуы мүмкін деген болжам жасады.

Оқи отырыңыз: