Видео

Қаруланған Талибан* содырлары ұлттық саябақта "аққуға" отырып алды – видео

Талибан содырлары Банди-Амир ұлттық саябағына барып, көңіл көтерді. Видеода саябақта демалып жүрген қаруланған адамдарды көруге болады. Олар аққу пішіндес катамаранға отырып алған
Sputnik

Содырлардың бірі адамдар "Талибан қарамағында" өзін қауіпсіздікте сезінетінін айтты. Алайда ұлттық саябақ қызметкері Замин Махмуди мұндай пікірде емес. Оның айтуынша, қарапайым туристер саябаққа келуді қойған. 

"Мен бұған қатты алаңдаймын. Қайықты жалға берген кезде тәлібтерден ақша сұрауға қорқамын. Мұнда қаламын деген үміт жоқ", - деді ер адам.

Оның айтуынша, қорғаныс министрі, губернатор сынды жоғары лауазымдағы шенекніктердің өзі бұған дейін қарумен келіп көрмеген. Алайда тәлібтер қолынан қару тастамайды. Кейде оқ атып, туристерді шошытады. 

Банди-Амир - Ауғанстандағы алғашқы ұлттық саябақ. Гиндукуш тауында 3 мың метр биіктікте орналасқан.

*Талибан – Ауғанстандағы билікті басып алған террористік топ. Қазақстанда, Ресей Федерациясында және басқа елдерде тыйым салынған.