НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек — Sputnik. "Каспий" мен "Астана" матчынан кейін полиция бес жанкүйерді ұстады. Олар Ақтаудың полиция басқармасына жеткізілді, деп жазады "Лада".
Алаң иелері 0:1 есебімен жеңілген болатын. Жанкүйерлер матч нәтижесіне наразылық танытты. "Каспий" командасының екі жанкүйері алаңға жүгіріп шығып, төрешілер бригадасына барды. Екі-үш минуттан соң полицейлер оларды орнына қайтарды.
"Кездесу аяқталған соң "Каспий" жанкүйерлері стадион аумағының артында жиналып, барабан ұрып, наразылығын білдірді. Олар "Астана" футбол клубы автобусының өтуіне кедергі жасауға тырысты. Полиция ескертуіне мән бермеді. Бес жанкүйер ұсталып, түсіндіру жұмысын жүргізу үшін қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Бұдан соң өзгелері тарқады", - деді полиция департаментінде.
"Астана" футбол клубының екі автобусы полициямен бірге қонақүйге жеткізілді. Футболшыларды тәртіп сақшылары күзетке алды.
Оқи отырыңыз:
- Тыр жалаңаш қызфутбол алаңына жүгіріп шығып, ойынды тоқтатты – видео
- Нұр-Сұлтанда футбол матчы жаппай төбелеспен аяқталды – видео
- Суретші құрғап қалған көлге футбол жұлдызы Лионель Мессидің портретін салды - видео