Фото

Әлемде Хоббит күні қалай аталып өтеді - фэнтези фотолар

Sputnik

Ал қырық үш жыл бұрын АҚШ-тың толкиенистер (фэнтези жанрының негізін қалаушы Джон Рональд Руэл Толкиеннің ізбасарлары) қауымы қыркүйекте Хоббит күнін атап өтуді ұсынды. Себебі "Сақиналар әміршісі" романы бойынша 22-сі күні басты кейіпкерлер Бильбо мен Фродо Бэггинстер дүниеге келген. Автордың айтуынша, хоббит екі сөзден тұрады. Олар: homo - адам, и rabbit – қоян.

Хоббит күнін атап өтетіндер табиғатта пикник жасап, Толкин кітабындағы Бэггинстер сияқты үлкен мейрам жасауға тырысады. Фейерверк атылады, сан алуан ойындар мен билер ұйымдастырылады. Әрбір адам өзіне ұнайтын кейіпкердің киімін киіп келеді. Бірақ аяқ киімсіз жүрген дұрыс. Себебі нағыз хоббиттер жалаңаяқ болған.

1 / 17
Мынау "Хоббиттің үйі", Филадельфияға жақын Честер округында орналасқан. Сәулетші Питер Арчер оны өз қолымен жасап шықты.
2 / 17
Чехияның Доксы қаласына жақын жерде орманның ішімен жалғыз аяқжолмен Гэндальф келе жатыр. Ол бес әскердің соғысына дайындалып жүр.
3 / 17
Дәл сол орманда Гэндальфтың ізімен орктар ма, гоблиндер ме, жақсылық пен ізгіліктің қарсыластары да жүріп келеді. Олар да бес әскердің соғысына қатыспақшы.
4 / 17
Аукционшы Джой Асфар "Хоббит" кітабының алғашқы басылымын зерттеп отыр. Бұл кітап 20 000-30 000 фунт стерлинг (40 152 60 229 доллар) тұрады.
5 / 17
Сәулетші Питер Арчер өзі жасаған "Хоббиттің үйіне" кірді. Ішінде Толкиен шығармаларының жинағы, қолжазбалар мен естелік заттар бар.
6 / 17
Бильбо Бэггинстің мүштігі. Ол 2001 жылғы фильмде бар. Julien's Auctions аукционында 100-120 мың долларға бағаланды.
7 / 17
Сұр Гэндальфтің мүсіні. Оның жанынан өтіп бара жатқан адамдар гном болып көрінеді. Бұл ескерткіш Бухарест қаласында орнатылған.
8 / 17
Хоббит үйі
9 / 17
Гном Дори – танымал Бильбо Бэггинстің серіктестерінің бірі. Оны актер Марк Хэдлоу сомдап тұр. Ол Ұлыбритания ханзадасы Чарльздің алдында бір аяғын тізерлеп отыр. Осы жерде "Хоббит" фильмі кезінде грим мен костюмдер жасайтын шеберхана орналасқан.
10 / 17
"Хоббит үйінің" интерьері
11 / 17
Хоббиттер өте көңілді болған деседі. Хобитон тұрғыны болып киінген актриса фильм премьерасына келген қонақтарды қарсы алып жатыр.
12 / 17
Эльфтарды көргіңіз келе ме? Онда орманның ішіне кіру керек. Олар да бес әскердің соғысына қатысу үшін келді.
13 / 17
Жаңа Зеландияның Веллингтон әуежайының төбесінде ілініп тұрған алып Горлум. Ол қолымен балық аулап тұр.
14 / 17
Чехия мамандары бес әскердің соғысын қаз-қалпында ұйымдастыра білді. Найзалардың ұшы жұмсақ болса да, адамдар өз рөліне қатты беріліп кеткен.
15 / 17
Бұл - әйгілі Хоббитон. Хоббиттер елінің астанасы. Бұл жерде Бильбо мен Фродо тұрды. Қазір "Сақиналар әміршісі" фильмінің бұрынғы түсіру алаңына туристер емін-еркін кіре алады.
16 / 17
Жауыз урукхайдың образын да жасап шығаруға болады.
17 / 17
Горлумды сомдаған актер Энди Серкис "Хоббит. Бес әскердің соғысы" фильмінің премьерасы басталмай тұрғанда сақинамен фотоға түскен.