Экономика

Қазақстандықтар қай елдерге ұша алады

Қазір әуе компаниялары ұшу кестесін құрып жатыр, рейстер осы елдердің уәкілетті органдарымен келісілгеннен кейін орындалады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан билігі 21 қыркүйектен бастап әлемнің 16 еліне рейстер санын ұлғайтуға, жаңдандыруға және ашуға рұқсат етті, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Рейстер саны мына елдерге ұлғайтылды:

  • Ресей – аптасына 54 рейске;
  • Түркия – 7 рейске;
  • БАӘ – 9 рейске;
  • Өзбекстан – 5 рейске;
  • Германия – 5 рейске;
  • Мальдив – 3 рейске;
  • Корея – 6 рейске;
  • Польша – 2 рейске;
  • Венгрия – 1 рейске;
  • Сауд Арабиясы - 1 рейске.

Сондай-ақ Чехиямен (аптасына 2 рет), Қытаймен (аптасына 8 рейс), Әзірбайжанмен (аптасына 3 рейс) тұрақты рейстер жанданды.

Бұдан бөлек, Италиямен аптасына 2 рет, Шри-Ланкамен аптасына 3 рет, Кувейтпен аптасына 3 рет тұрақты рейстер ашылады.

"Қазіргі уақытта әуе компаниялары ұшу кестесін құрып жатыр. Рейстерді орындау осы елдердің тиісті уәкілетті органдарымен келісіледі", - делінген хабарламада.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып,  әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Оқи отырыңыз: