Оқиға

"Көмекке барған": Алматыда көз жұмған полицей туралы оның әріптесі айтып берді

Полицей қарапайым өмір сүрді, оның кәмелетке толмаған екі баласы қалды, әйелі жақында инсульт алған
Sputnik

НҰР -СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Кісі қолынан қаза тапқан учаскелік инспектор Нұрбол Байғазиев туралы оның әріптесі Жеңісбек Сыдық айтып берді.

"Көмекке барған": Алматыда көз жұмған полицей туралы оның әріптесі айтып берді

Әріптесінің айтуынша, Ақбұлақ шағын ауданындағы учаске Дархан Сүлеевтің бақылауында болған, ал Нұрбол Байғазиев әріптесіне көмектесу үшін ғана барған, себебі ол бұрын сол аумаққа жауапты болған, деп хабарлады Aibat.

"Нұрбол Байғазиев қарапайым өмір сүрді, жалдамалы пәтерде тұрды, оның кәмелетке толмаған екі баласы қалды. Ал әйелі жақында инсульт алған", - деп атап өтті Жеңісбек Сыдық.

33 жастағы Нұрбол Байғазиев ішкі істер министрлігінде 7 жыл қызмет етті. Ол 13 мәрте көтермеленген, оның ішінде "Үздік құтқарушы жауынгер" және "Қазақстан полициясына 25 жыл" төсбелгілерімен марапатталған. Үйленген, кәмелетке толмаған екі баласы бар.

Алматыдағы қанды оқиға

20 қыркүйекте бірнеше полиция қызметкері, жеке сот орындаушылары және үйдің жаңа иесі борышкерді үйден шығару туралы сот шешімін орындауға келген. Алайда борышкер оларға оқ жаудырды.

Оқ атқан адамның отбасына тиесілі үй бұрын банкке қарыз болғаны үшін сатылған. Жеке үй сот орындаушысы арқылы үшінші тұлғаға сатылды. Бұрынғы иесі сот шешімімен келіспей, үйді бергісі келмеген.

Үйдің иесі – 1967 жылы туған ер адам полиция мен сот орындаушылары үйге кірмек болған кезде оларға оқ атқан. Салдарынан бес адам көз жұмды. Олар: 2 полицей, бір сот орындаушысы, үйдің иесі мен оның танысы.

Оқи отырыңыз: