Қоғам

Шетелдіктердің телефонында Қазақстан деген жазу шығады –  министр

Халықаралық электр байланыс одағы Қазақстанға жаңа +997 дэф кодын белгіледі
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Енді басқа мемлекетке қоңырау шалғанда шетелдіктердің телефонында Қазақстан деген жазу шығады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Жақсы жаңалық! БҰҰ жанындағы Халықаралық электр байланыс одағы Қазақстанға жаңа +997 дэф кодын белгіледі. Енді біздің елден басқа мемлекетке қоңырау шалғанда шетелдіктердің телефонында Қазақстан деген жазу шығады", - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі цифрлы сервистерді қолданғанда да барлық жерде Қазақстан деген сигнал шығады.

"Кезінде КСРО тарағанда +7 халықаралық телефон коды екі елге бірдей бекітілген болатын. Біз Қазақстанға ғана тиесілі халықаралық кодқа қол жеткізу үшін былтырдан бері телекоммуникация саласындағы компаниялармен бірге жан-жақты жұмыс жүргізіп келеміз. Осы келіссөздердің нәтижесінде біздің елге дербес +997 коды бекітілді", - деп түсіндірді Мусин.

Қазір тиісті құжаттар рәсімделіп, жаңа кодқа көшу бойынша іс-шаралар атқарылып жатыр.

Оқи отырыңыз:

"5G қатерлі ісік пен аутизм тудырады": желіде тағы бір ақпарат тарады 

Смартфонды толық қуаттау неге қауіпті – сарапшы жауабы 

Интернет алаяқтардан қалай қорғану керек – пайдалы кеңес