Өңірлер

Шаңды дауыл, тұман, қар: 22 қыркүйекке арналған ауа райы

Тек Шымкент қаласында күн әлі жаздағыдай ыстық. Күндіз ауа температурасы 28 градусқа дейін жылынады деп күтілуде
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Қазгидромет 22 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамын жасады.

Ертең елдің басым бөлігінде фронтальдық бөлімдердің ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, сонымен байланысты жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік таулы аудандарында және оңтүстік-шығысында найзағай болады, солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Тек еліміздің орталығында, шығысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстіктің таулы аудандарында  және оңтүстік-шығысында жел күшейеді, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, солтүстігінде, солтүстік- батысында тұман күтіледі.

Аймақтардағы ауа-райы

Қостанай облысының солтүстігінде және солтүстік-батысында, Ақмола облысының солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі, күндіз Ақмола облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз Түркістан облысында найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл болады. Күндіз Батыс Қазақстан облысында, Атырау облысының оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Жамбыл облысының тау және таулы аудандарында топырақ бетінде 2-4 градус үсік күтіледі.                

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, батысында, орталығында, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында,  батысында және орталығында, Батыс Қазақстан облысының шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистердегі ауа-райы

Нұр-Сұлтанда аздаған қар жаууы ықтимал, күндіз +10, +13, түнде -1, -3.

Алматыда күндіз +22, +24 градус жылы, түнде +8, +10. Жауын-шашынсыз.

Шымкентт күн әлі жылы, күндіз ауа температурасы 28 градус жылы. Жылдамдығы 13 м/с жел болуы ықтимал.