Әлем

Мемлекеттік дума сайлауында "Единая Россия" жеңіске жетті

Мемлекеттік дума сайлауында партиялық тізім бойынша 49,82% дауыспен "Единая Россия" жеңіске жетті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. "Единая Россия" партиясы Мемлекеттік дума сайлауында 49,82 процент дауыс жинады, деп хабарлады РИА Новости.

ОСК мәліметіне сәйкес, хаттамалардың 100 проценті саналды.

Ресей Федерациясының Коммунистік партиясы 18,93 процентпен екінші, ЛДПР 7,55 процентпен үшінші орынды иеленді.

Үздік бестіктің қатарына "Справедливая Россия — За правду" (7,46), "Новые люди" (5,32) енді.

Мемлекеттік думаға федералды округ бойынша бес проценттік межені еңсерген бес партия өтеді.

"Сайлауға Қарағандыдан келдім": Ресейліктер Нұр-Сұлтанда қалай дауыс беріп жатыр

Сондай-ақ бір мандатты округтер бойынша парламенттің төменгі палатасына жеті саяси қозғалыстың өкілдері мен өзін-өзі ұсынушылар кіреді.

Дума және жергілікті сайлауларда дауыс беру Ресейде 17-19 қыркүйек аралығында өтті. Сайлауға қатысушылар 51 проценттен асты.