Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда жылу беріле бастады

Қалада орташа тәуліктік температура +10 градус бес күн бойы сақталған кезде жылу толығымен беріледі
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда әлеуметтік нысандар жылу жүйесіне қосыла бастады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Өтінім бойынша әлеуметтік нысандар – медициналық мекемелер, білім беру нысандары, балабақшалар және т.б. жылытуға қосыла бастады, әлеуметтік нысандардың дайындығы 100%-ті құрайды. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің басшылығымен әкімдікте жылыту маусымы бойынша кеңес өтті.

Қалада жылу беру маусымы орташа тәуліктік температура +10 градус (және одан төмен) 5 күн бойы сақталған кезде толығымен басталады. Дегенмен тұтынушылардың өтінімі бойынша жылу беруге қаланың әлеуметтік нысандары қосыла бастады. Бұдан басқа жаңа нысандарды жылытуға қосу көздері анықталды, қуаттарды тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ елді мекендерді газдандыру, жылу электр орталықтарын жаңғырту, ЖЭО су жылыту қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстары жалғасуда. Жеке сектор тұрғындары үшін қаланың барлық ауданында көмір сататын компаниялар анықталды. Дүрлігуге және алыпсатарлыққа жол бермеу үшін қоймаларда жеткілікті көлемде отын бар.

Оқи отырыңыз: