Оқиға

Нұр-Сұлтанда Kazakhmys ғимараты өртеніп жатыр

Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 18.33-те келген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Өрт Kazakhmys ғимаратының жоғарғы қабатында басталған. 

Куәгерлер желіде ғимарттың түтіндеп жатқан видосын бөлісіп жатыр. 

Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 18.33-те келген.

Нұр-Сұлтанда Kazakhmys ғимараты өртеніп жатыр

"Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Тұран даңғылы 37/10 мекенжайында орын алған өрт орнына жеке құрамның 44 адамы мен 11 техникасы құрамында жоғары шақыру нөмірі бойынша шықты. Алдын ала ақпарат бойынша ғимараттың шатыры және қаптауы жануда. Шақырту орнына өрт сөндірушілер 5 минуттан кейін дереу жетті. Қазіргі уақытта барлау жұмыстары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: