НҰР -СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Пермь университетінің аумағында студент оқытушылар мен студенттерге оқ жаудырып, салдарынан 8 адам қаза тапты, деп хабарлады Ресей тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко.
"8 адам қаза болды, бірнеше адам жарақат алды. Қаза болғандар мен жарақат алғандар туралы деректер нақтыланып жатыр", - деді ол.
Бұған дейін ведомство бес адам қаза тауып, алты адам жараланғанын хабарлаған болатын.
Жоғары оқу орнының сайтында аудиторияларды іштен іліп алып, сонда отыруға шақырған жедел хабарлама жарияланды. Дегенмен студенттер мен оқытушылардың бір бөлігі терезеден секіріп, ғимараттан қашып шықты.
Оқ атқан студент ұсталды. Ол тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетіп, жарақат алды.
Еске сала кетейік, 11 мамырда Ресейдің Қазан қаласында 19 жастағы Ильназ Галявиев, тергеу мәліметі бойынша, №175 гимназияда оқ жаудырып, жарылыс жасап, жеті бала мен екі мұғалімді өлтірді, тағы 24 адам жарақат алды.