Әлем

Бүкіл әлемде балалар RSV вирусымен жаппай ауыра бастады – БАҚ

Ғалымдардың айтуынша, коронавирус пандемиясы RSV вирусының таралуына әсер еткен, карантин шараларының салдарынан балаларда вирусқа қарсы иммунитет қалыптаспаған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек – Sputnik. АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария және Жапония дәрігерлері бүкіл әлемдегі балалар тыныс жолдарының ауруларын тудыратын респираторлық синцитиалды вирусты (RSV) жаппай жұқтыра бастағанын хабарлады, деп жазды ВВС News.

АҚШ аурухаларының біріндегі балалар жұқпалы аурулары бөлімінің меңгерушісі Рабиа Аганың айтуынша, жаңа вирусты жұқтырған балалар ауруханаға сәуір айында түсе бастаған, соның салдарынан жансақтау бөлімдері лезде толып кетіпті.

Ғалымдардың айтуынша, коронавирус пандемиясы RSV вирусының таралуына әсер еткен, карантин шараларының салдарынан балаларда вирусқа қарсы иммунитет қалыптаспаған. Ауру коронавирус шаралары жеңілдетілгеннен кейін өршіп кеткен көрінеді.

АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, балалардың көпшілігінде вирус суық тиген кездегідей жеңіл өтіп жатыр. Бірақ кейбірінің өкпесін қабындырып, бронхиолитке шалдықтыруы мүмкін.

Бұған дейін АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мамандары коронавирустың "дельта" штаммы тарала бастағаннан кейін елде COVID-19 жұқтырған балалардың саны күрт өскенін хабарлады, бірақ жаңа зерттеу жаңа штамм едәуір қауіпті және аурудың ауыр түрін тудырады деп алаңдау негізсіз екенін көрсетті.

Оқи отырыңыз: