Видео

Қазақстандағы Ресей азаматы дауыс беруге балдақпен келді – видео

Қазақстанда тұратын және жұмыс бабымен келген Ресей азаматтары Мемлекеттік дума депутаттарының сайлауы аясында дауыс беріп жатыр
Sputnik

Ол үшін бес қалада (Нұр-Сұлтан, Алматы, Приозерск, Орал мен Өскемен) сайлау учаскелері ашылды. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Sputnik Қазақстан тілшілері Нұр-Сұлтандағы сайлау учаскесіне барып, дауыс беру барысын видеоға түсіріп қайтты.

Қазақстан астанасында № 8125 және № 8126 сайлау учаскесі ашылды. Біреуінде Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысының тұрғындары дауыс берсе, екіншісінде Қостанай, Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды облыстарының тұрғындары өз таңдауын жасайды. Сайлау учаскесінің екеуі де Ресейдің мәдениет және ғылым орталығында орналасқан. 
№ 8125 сайлау комиссиясының төрағасы Александр Комаровтың айтуынша, оған қарасты учаскеге адам көп келіп жатыр.

"Нұр-Сұлтан тұрғындарына қызмет көрсететін учаскеге көрші учаскемен салыстырғанда адам көптеу келіп жатыр. Біз штаттық режимде жұмыс істеп жатырмыз. Халық толастайтын емес, жай отырған адам көрмейсіз. Түстен кейін адамдардың белсенділігі көтерілді", - дейді Комаров.

Пандемияға байланысты санитарлық талаптар қатаң сақталады. Алдымен дауыс беруге келген адамдардың дене қызуы өлшенеді. Одан кейін әрбіреуіне бір реттік жиынтық таратылады. Оның ішінде қолғап, бетперде мен қалам бар. Ал комиссия мүшелері қорғаныс киімдерін киді. Дауыс беру кабинкалары жабылмайды. Қауіпсіздік үшін пердені алып тастаған.