Видео

Океанариумге келушілер белуха китінің баласын алғаш рет көрді – видео

Владивосток океанариумына келушілер азулы белуха китінің сүйкімді баласын туғаннан кейін алғаш рет көрді
Sputnik

Бұл оқиға тарихи сипатқа ие болды – Ресейде белуха киті алғаш рет төлдеп отыр. Приморск океанариумының қызметкерлері төлдеу кезінде оның енесі Джессикаға мамандардың көмегі  қажет болмағанын айтты. Ал Лер атты белуха алғашқы күндерде оларды жалғыз қалдырмауға тырысыпты.

Қазір киттің баласы демін ұзақ ұстауды үйреніп жатыр, ол ата-анасының қасында бассейнде жүзгенді ұнатады. Тағы бірнеше ай бойы ол енесінің сүтін емеді, содан кейін оның тамағына балық қосылады.

Белуха киттерінің баласы кем дегенде екі жасқа дейін енесімен бірге болады.