Денсаулық

Денсаулық министрлігі бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғанын жариялады

Қазақстанның оңтүстігі мен батысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты болса, екі мегаполис пен солтүстікте індет жұқтырғандар саны өзгелерден жоғары болып тұр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек –  Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын 2 781 адам жұқтырғаны ПТР тест арқылы расталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы -  302,
  • Алматы қаласы - 577,
  • Шымкент қаласы – 109,
  • Ақмола облысы – 130,
  • Ақтөбе облысы - 146,
  • Алматы облысы - 245,
  • Атырау облысы - 89,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 103,
  • Жамбыл облысы - 63,
  • Батыс Қазақстан облысы -85,
  • Қарағанды облысы - 374,
  • Қостанай облысы - 124,
  • Қызылорда облысы - 67,
  • Маңғыстау облысы - 16,
  • Павлодар облысы - 210,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 86,
  • Түркістан облысы - 55.

Жалпы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 860 424 адамға жетті. Cоңғы деректер бойынша 2 909 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан.