Өңірлер

"Жасыл" аймақтағы облыстар қатары толықты

Еліміздің сегіз өңірі әлі де "қызыл" аймақта орналасқан. Екі мегаполис солардың қатарында
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. 18 қыркүйектегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенсек, Жамбыл облысы "жасыл" аймаққа өтті.

Осылайша Жамбыл "жасыл" аймақтағы Түркістан мен Маңғыстау облыстарының қатарын толықтырды. 

Еліміздің сегіз өңірі "қызыл" аймақта тұр. Олар - Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары.

"Сары" аймақта Шымкент қаласы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. 

Шымкен қаласы "сары" аймаққа 17 қыркүйекте өткен болатын. 

Оқи отырыңыз: