НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек — Sputnik. Елордадағы үйлердің бірінде ер адам подъезд есігі мен бірнеше көліктің терезесін қиратқан. Қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметі тұрғынның мас болғанын хабарлады.
Оқиға туралы хабарлама полицияға 18 қыркүйек сағат 00.18-де түскен.
"Ер адам әріптестерімен отырып ішімдік ішкеннен кейін подъезге шыққан. Ол кіреберісте тұрған самокатты алып, есік-терезені қирата бастайды. Одан кейін далаға шығып, үйдің алдында тұрған көліктердің әйнегін самокатпен сындырды", - деп хабарлады полиция.
Белгілі болғандай, жалдамалы пәтердегі отырыста жанжал шығып, оның соңы төбелеске ұласқан.
Тәртіп бұзғандардың барлығы полицияға жеткізілді. Есіл ауданының полиция басқармасы қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Оқи отырыңыз:
- Алматыда үйдің кіреберісінде болған жағдай видеоға түсіп қалды
- Аяғы ауыр әйелді үйінің кіреберісінде өлтіріп кетті: оқиғаның мән-жайы
- Нұр-Сұлтанда полициядан көмек сұраған әйелді үйінің кіреберісінде өлтіріп кетті