Әлем

Кабулда екі жарылыс болды: зардап шеккендер бар

Екі жарылыс та қала ішінде болған. Зардап шеккендердің нақты саны туралы мәлімет жарияланбады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Ауғанстан астанасы Каублда екі жарылыс болды, зардап шеккендер бар, деп хабарлады РИА Новости.

Зардап шеккендердің саны туралы мәлімет жоқ. 

Агенттік хабарлауынша, алғашқы жарылыс Даште-Барчи ауданында болды, мұнда зардап шеккендер бар. Екінші жарылыстың дауысы Ирфани Харрготи ауданында естілді, мұнда зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.  

Еске сала кетейік, Талибан * үкімет әскеріне қарсы шабуылды күшейтіп, 15 тамызда Кабулға кірді. Келесі күні олар соғыстың аяқталғанын хабарлады. 31 тамызға қараған түні АҚШ әскері Кабул әуежайынан шығып кетті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы ахуалға байланысты жиын өткізді. Жиын барысында Ауғанстан Ислам Республикасындағы жағдайға байланысты шұғыл әрекет ету шаралары және Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Президент тапсырмасына орай, 9 қыркүйекте қорғаныс министрлігінің ұшағымен Ауғанстаннан елге 35 этникалық қазақ оралды.

17 қыркүйекте Душанбеде өткен саммитте Қазақстан президенті Ауғанстанның болашақта бейті ел болады деген сенім білдірді.

"Қазақстан болашақ Ауғанстанды өз ішінде және көршілес елдермен, шын мәнінде, бейбіт өмір сүретін тәуелсіз әрі біртұтас мемлекет болады деп санайды", - деді ол Душанбедегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде.

* Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым.

Оқи отырыңыз: