НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында ауыл маңынан бес күн бұрын жоғалып кеткен 21 жастағы Анастасия Чернаяның денесі табылды. Мәйіт анықталған жерде өрт болған. Полиция "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Жоғалған қыздың мүрдесі 15 қыркүйек түс кезінде Ветелки ауылының жанындағы орман алқабынан табылды. Өңірлік "Мой город" басылымы хабарлағандай, оқиға орнында өрт болған, шөп күйіп, ағаштар мен бұталар өртенген.
Сондай-ақ оқиға орнында криминалистер жұмыс істегені байқалады: қолғаптары, дәке мен мақта жатыр.
Мәйіт жеке басын және өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптаға жіберілді. Кейінірек ол із-түзсіз кеткен 1999 жылғы Анастасия Черная екені анықталды.
"16 қыркүйекте аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 1994 жылғы А.есімді азамат "ізін суытпай" ұсталды. Қылмыстық кодекстің 99-бабы "кісі өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Батыс Қазақстан облысы полиция департаментіндегілер.
Күдікті 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы аясында басқа да ақпарат жария етілмейді.
Қыздың жоғалуы
Анастасия 13 қыркүйек таңертең үйден шығып, сол күйі оралмаған. Ол өзімен бірге рюкзак және жеке куәлігі салынған борсетканы ала шыққан. Анасына көп ұзамай келемін деп кеткен. Біраз уақыттан кейін оның телефоны сөндірулі болған.
Анасының айтуынша, ол жігітімен бірге тұрған.
Оқи отырыңыз: