Фото

Қызыл кілемдегі сән: MTV Video Music Awards премиясына жұлдыздар не киіп келді - фото

Sputnik

Уақыт өте келе қызыл кілем ерекше әрі есте қаларлықтай киімдердің жарысына айналды. Бұрын бұл жарысқа тек қыз-келіншектер қатысса, бүгінде ер адамдар да сәнді киіну мен стиль таңдауда қалыспай келеді.

2019 жылы қызыл кілем үстімен көйлек киіп жүріп өткен Билли Портер осы жылы күміс түстес шалбар-костюм және платформадағы аяқ киіммен шектелді. Ал америкалық рэпер Lil Nas X Портердің ізімен жүріп, MTV Video Music Awards алаңына иығы ашық және етегі ұзын күлгін түсті көйлекпен шықты. Музыкант "Жыл видеосы" сыйлығын иеленді.

Mugler брендінің көйлегін киген Меган Фокстың 31 жастағы сүйіктісі Колсон Бэйкер (Machine Gun Kelly) танымал спортшы Конор МакГрегордың жұдырығынан әзер аман қалды. Қызыл кілем үстінде даудың неден басталғаны белгісіз, бірақ күзет болмағанда, бұл жанжал төбелеске ұласатыны анық еді.

Музыка саласындағы беделді сыйлықты табыстау салтанатына МакГрегор алқызыл костюм киіп келді.

63 жастағы Мадонна мен 52 жастағы Дженнифер Лопес өз киімімен және жасара түскен кейпімен көрерменді таңғалдырды. Ал Doja Cat киген қызықты капюшоны бар костюмді ұнатқандар аз болды.

Марапаттау сәтінде әншінің өзі "Құрт кейпіндегі киіммен марапат аламын деп ойламадым" деп қалжыңдаған болатын. Оның бұл сөзі интернет кеңістігінде түрлі мемдердің пайда болуы себепші болды.

Танымал жұлдыздардың таңғаларлық киімін Sputnik Қазақстан материалынан тамашалаңыз.

1 / 14
MTV Video Music Awards премиясына келген әнші Ашанти. Ол салтанатты жиынға белбеулерден құралған көйлек киюді жөн көріпті.
2 / 14
Doja Cat пен SZA бірлескен ең үздік Kiss Me More туындысы үшін марапат алып жатыр.
3 / 14
MTV Video Music Awards шарасына келген модель Винни Харлоу.
4 / 14
63 жастағы Мадонна MTV Video Music Awards сахнасында таңғаларлық шоу көрсетті.
5 / 14
Chloe x Halle дуэті MTV Video Music Awards сахнасында.
6 / 14
17 жастағы Оливия Родриго MTV Video Music Awards шарасында жасына сай киінгендердің бірі болды.
7 / 14
Symone мен Kandy Muse биылғы MTV Video Music Awards жиынында қанық түстерге басымдық беріпті.
8 / 14
MTV Video Music Awards марапатын табыстау сәтіндегі Дженнифер Лопес.
9 / 14
Меган Фокс MTV Video Music Awards салтанатты жиынына өзінің сүйіктісіне қолдау көрсетуге келді.
10 / 14
Кейси Масгрейвс MTV Video Music Awards марапаттау шарасына бастан-аяқ күлгін түсті киім киді.
11 / 14
TikTok жұлдызы Белла Порчке етегі еденге жететін киіммен жүру расында да қиын болды.
12 / 14
Хлои Бейли Мадоннадан үлгі алып, MTV Video Music Awards сахнасына алқызыл боди киіп шықты.
13 / 14
MTV Video Music Awards сахнасында ән орындаған Doja Cat басына орындық көтеріп шықты.
14 / 14
MTV Video Music Awards салтанатты кешіне Saweetie классикалық ұзын және қимасы бар көйлек киді.