Өңірлер

СҚО-да шенеуніктер өздеріне 60 млн теңге сыйақы жазып алған

Ревизиялық комиссия қызметкерлер еңбекақысының жылдық қаржыландыру сомасы үш есе ұлғайтып көрсетілгенін анықтады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында шенеуніктер өздеріне 60 миллион теңге (141 мың доллардан астам) сыйақы жазып алған, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

"Қызылжар аудандық экономика және қаржы бөлімінің қызметкерлеріне 60,6 миллион теңге негізсіз сыйақы төлеу фактісі анықталды", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ревизиялық комиссия мүшесі Талғат Кенжебаев.

Аудандық әкімдіктің он қызметкері жергілікті бюджетті өз бетінше бөліп, аудан әкімдігі аппаратын қаржыландыруды ұлғайтып көрсеткен. Нәтижесінде қызметкерлер еңбекақысын жылдық қаржыландыру сомасы үш есе ұлғайтып көрсетілген.

Экономика және қаржы бөліміне бұл заңбұзушылықты жою бойынша ескерту жолданды. Бөлім басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сәйкес материалдар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жолданды.