Қоғам

"СК-Фармация" ісі: сот Берік Шәріпті ақтау үкімінің күшін жойды

Шәріпке пандемия өршіп тұрған кезде медицина қызметкерлеріне қорғаныш костюмдерін уақытылы жеткізбеді деген айып тағылған болатын. Алайда сот оны ақтады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Елордалық соттың апелляциялық алқасы "СК-Фармация" бұрынғы төрағасы Берік Шәріптің ісін қайта қарап, бірінші инстанцияның судьясы Қанат Дүйсембиевтің шешімінің күшін жойды.

Прокуратура бұрынғы топ-менеджер "Inkar" жауапкершілігі шектеулі серіектестігіне лобби жасады деп отыр және соттың ақтау үкімінің күшін жоюды талап етті.

Сот Шәріпті лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген бап бойынша ақтаған болатын. Тергеу мен соттағы мемлекеттің айыптаудың айтуынша, ол "СК-Фармацияны" басқарып тұрғанда пандемияға байланысты жарияланған төтенше жағдай кезеңінде қорғаныш костюмдерін сатып алу кезінде Inkar ЖШС-не заңсыз лобби жасаған.

Жеткізуші компания қорғаныш құралдарын Қытайдан Қазақстанға уақытылы жеткізе алмаған. Костюм тапшылығының салдарынан, тергеу мәліметінше, 2020 жылдың сәуір-мамырында Қазақстанда екі мыңнан астам медицина қызметкері вирус жұқтырды. Бірақ судья Қанат Дүйсембиев сотталушының кінәсі дәлелденген жоқ деп шешті.

Тағы оқыңыз: "СК-Фармация" ісі: сот Берік Шәріпті сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша ақтады

Апелляциялық алқа бірінші инстанциядағы сот үкімінің күшін жойып, жаңа айыптау үкімін шығарды. Берік Шәріп екі бап бойынша кінәлі деп танылды, осылайша мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қоныс колониясында өтейді.

Бұл ретте Шәріптің сот жүрген кезде қамауда отырған мерзімі ескеріледі (2020 жылдың 12 тамызынан 2021 жылдың 4 тамызына дейін).

Берік Шәріптің ісі

"СК-Фармация" бұрынғы басшысы 2020 жылдың 14 тамызында ұсталды. Сот шешімімен экс-шенеунік қамауға алынды.

Берік Шәріптің үстінен қозғалған қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-тармағы 3-тармақшасы "Ауыр салдарға алып келген, лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану" және 287-бабы 2-тармағы " Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды, қысқа ұңғылы тегiс ұңғылы атыс қаруын, сол сияқты оның патрондарын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша қаралды.

4 тамызда бірінші инстанциядағы сот шешімімен Шәріп "Стражник" маркалы тапаншаны заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2,7 миллион теңге айыппұл салынды. Сотталушы қаруды 2007 жылы Шымкентте сатып алған. Бірақ уақытында полицияға тапсырмапты.

Тағы оқыңыз: 

"СК-Фармация" ісі: Берік Шәріп сотта соңғы сөзін айтты

"СК-Фармация" ісі: Біртанов сотта өкініш білдірді

"СК-Фармация" басшысы атышулы фотосын не себепті алып тастағанын түсіндірді