Денсаулық

Індет тағы 77 қазақстандықтың өмірін жалмады

Аурухана ем алып жатқан 350 науқастың жағдайы өте ауыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек — Sputnik. Өткен тәулікте елімізде 13 адам коронавирустық пневмониядан, 64 адам коронавирустан көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. 

15 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 75 685 адам коронавирус инфекциясынан (67 269 - коронавирустан, 8 416 КВИ - пневмониялан) емделуде, олардың ішінде 14 335 пациент стационарда, 61 350 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандардың арасында:

  • 1 136 адамның жағдайы ауыр,
  • 350 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 198 науқас өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.