Денсаулық

Денені неге май басады – басты себебі белгілі болды

Гарвард, Корнелл және Калифорния университетінің ғалымдары бірлесіп артық салмақ жинаудың себебін атады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек — Sputnik. Артық салмақ жинаудың басты себебі көп тамақ жеу емес, гликемиялық индексі жоғары өнімдерді тұтыну. Халықаралық зерттеушілер тобы осындай қорытынды жасады, деп жазады Lenta.ru.

Арықтау стратегиясының дені энергетикалық баланс моделіне негізделген. Оған сәйкес, адам тұтынған энергиясы жоғалтқан калориясынан аз болғандықтан салмақ жинайды деп саналады.

Гарвард, Корнелл және Калифорния университетінің ғалымдары бірлесіп жаңа себебін тапты. 

Олардың ойынша, гликемиялық индексі жоғары өнімдерді тұтынатындар артық салмақ жинайды. Сондай-ақ жоғары дәрежеде қайта өңделген тауарлар мен жылдам көмірсуларды мәзірге қоспаған жөн. Мақала The American Journal of Clinical Nutrition-де жарияланды.

Бұл өнімдерді жеген кезде адамның метаболизмі өзгереді. Салдарынан май жиналып, салмақ артады. Бұған қоса, жоғары дәрежеде қайта өңделген тағамды тұтынған кезде инсулин секрециясы жылдамдап, глюкагон секрециясын басады.

Кейін май жасушаларына калория жинақтау қажет деген сигнал келеді. Ал бұлшықет пен белсенді ұлпаларда май жетіспеушілігі байқалады. Ми аштық сезімі бар екені туралы белгі береді. Осылайша метаболизм бәсеңдейді.