Саясат

Тоқаев Душанбеге барды

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет басшысымен екіжақты кездесулер өткізеді  
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына келді, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.  

Тоқаев Қазақстан Ауғанстанмен қандай салаларда ынтымақтастық орнатуға дайын екенін айтты
"Қазақстан президенті 16-17 қыркүйек күндері өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады", - деп жазды Уәли.

Іс-шараларда Ауғанстанның қазіргі ахуалы, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, аталған ұйымдарға мүше мемлекеттердің ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет басшысымен екіжақты кездесулер өткізеді.