НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Таразда жантүршігерлік жол апаты болды. Hyundai жүргізушісі қатты жылдамдықпен бір топ адам тұрған аялдамаға соғылды. Салдарынан екі адам көз жұмып, тағы екеуі ауруханаға түсті.
Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде тарады (балаларға, жүкті әйелдерге, жүйке жүйесі әлсіз адамдарға көруге болмайды).
"Сейфуллин көшесінің бойымен Момышұлы көшесіне қарай бет алған көлік жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан екі адам оқиға орнында қаза болды, тағы екеуі Тараз қаласының №1 ауруханасына жатқызылды", - деді ол.
Полицейлер Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Бұл бап бойынша белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға 7 жылға дейін айыра отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Полиция 23 жастағы жүргізушіні ұстады, ол Тараз қаласының тұрғыны. Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды.
Жанат Сүлейменов тағы бір мәрте жүргізушілерді жол ережесін сақтауға, сақ әрі мұқият болуға шақырды.