Әлем

Тәжікстан-Ауғанстан шекарасын нығайту бағдарламасы дайындалып жатыр

ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі, Қорғаныс министрлері кеңесі және Ұйымның қауіпсіздік кеңесі хатылары комитетінің бірлескен отырысын өткізді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ауғанстандағы ахуал туралы мәлімдеме қабылдады. Сыртқы істер министрлері кеңесі, Қорғаныс министрлері кеңесі және Ұйымның қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтті. ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась жиын қорытындысын бөлісті.

"Делегация басшылары жалпы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі декларациясының жобасын келісіп, бірқатар мәлімдеме қабылдады. Атап айтқанда, ҰҚШҰ-ға мүше елдердің "Ауғанстандағы жағдай туралы" бірлескен мәлімдемесі, сыртқы істер министрлері ақпарат қауіпсіздігі пен кибертерроризмге қарсы күрес саласындағы бірлескен күш салуларды үйлестіру туралы мәлімдемесі бар. Сондай-ақ,  сыртқы істер министрлерінің Таяу Шығыстағы және Солтүстік Африкадағы дағдарыс жағдайларды реттеуге бағытталған ұжымдық күш салулар туралы мәлімдемесі де қабылданды", - деді Зась.

Ол сыртқы істер министрлерінің "БҰҰ Жарғысының ұстанымдарына айнымастығын растау және олардың қатаң түрде орындауды қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастықты нығайту туралы" біріккен мәлімдемесін де атап өтті.

Еске салары, 16 тамызда Ауғанстандағы билік Қазақстан, Ресей және бірқатар елде тыйым салынған экстремистік қозғалыс – Талибанның* қолына көшті.