НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек — Sputnik. 16 қыркүйекте сағат 15:00-де Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында" Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты Ауғанстандағы жағдайды бағалау" атты халықаралық сарапшылық отырысын өткізеді.
Отырыс Қазақстан, Ресей, Қырғызстан сарапшыларының қатысуымен өтеді. Шараны Нұр-Сұлтандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығы, "Аргументі и факты Казахстан", Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігінің қолдауымен "Еуразиялық мониторинг" Аналитикалық зерттеулер орталығы ұйымдастырып отыр.
Шараға қатысушылар:
Қазақстан
- ЕРМЕКОВ Айдар Тұрсынбайұлы, "Аргументы и Факты Казахстан" шолушысы (Нұр-Сұлтандағы баспасөз орталығында);
- МАРМОНТОВА Таисия Викторовна, ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтының профессоры (Нұр-Сұлтандағы баспасөз орталығында);
- НҰҒМАНОВА Қарлығаш Жанділдинова, саясаттану ғылымдарының докторы, Нұр-Сұлтан қаласының саяси зерттеулер қауымдастығының директоры (онлайн);
- ТӘЖІБАЕВ Әлібек Тимитаұлы, "Еуразиялық мониторинг" Аналитикалық зерттеулер орталығының директоры (Нұр-Сұлтандағы баспасөз орталығында);
Ресей
- ВОРОБЬËВ Константин Павлович, Нұр-Сұлтандағы Ресей ғылым және мәдениет орталығы (Нұр-Сұлтандағы баспасөз орталығында);
- НАУМКИН Виталий Вячеславович, Ресей ғылым академиясының академигі, РҒА шығыстану институтының ғылыми жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор (онлайн);
- СУЛЕЙМАНОВ Артур Рамильевич, "Берлек-Единство" Геосаяси зерттеулер орталығының этносаясат және конфликтологияны зерттеу секторының жетекшісі (Уфа қаласы, Ресей) (онлайн);
Қырғызстан
- БЕРДАКОВ Денис Михайлович, "Эльчи" әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығының директоры, саясаттанушы (Бішкектегі баспасөз орталығында);
- ЖОРОБЕКОВА Айнұр Эшимбековна, Қырғызстан Республикасы СІМ Дипломатиялық академиясының халықаралық қатынастар және құқық кафедрасының меңгерушісі (Бішкектегі баспасөз орталығында);
- ОСМОНБЕТОВ Эдил Кубатович, тәуелсіз саясаттанушы (Бішкектегі баспасөз орталығында);
САРИЕВ Марс Осмонкулович, тәуелсіз саясаттанушы (Бішкектегі баспасөз орталығында).
Талқылау барысында Ауғанстанда қалыптасып жатқан жағдайға жаһандық көзқарас бойынша баға беру, ауған-пәкістан жеріндегі тұрақсыздық салдарынан Орталық Азия өңірі мен Ресей Федерациясына төнген қауіп пен сын-тәуекелдер, Ауғанстан босқындарымен байланысты жағдайға қатысты проблемалар, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жағымсыз салдардың алдын алу құралы ретінде қолдану, мәдени-гуманитарлық аяда Ауғанстанға қолдау көрсету мәселелері қозғалады.
Сараптамалық диалог офлайн+онлайн аралас форматында өтеді және 16 қыркүйекте сағат 15:00-де Sputnik Қазақстан сайтында және біздің YouTube-арнада тікелей эфир арқылы көрсетіледі.
БАҚ өкілдерін сараптамалық жиынды насихаттауға қатысуға шақырамыз.
Өтетін орны: "Sputnik Қазақстан" баспасөз орталығы (Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 10). Аккредитация мәселелері бойынша +77472207401 нөміріне хабарласуға немесе a.nurgazinova@sputniknews.cоm поштасына хат жолдауға болады.