Өңірлер

Алматы облысында фермерді буындырып өлтіргендер ұсталды

Фермерді өлтірді деген күдіктілер бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Олардың бірі ұрлық пен қарақшылық жасаған, екіншісі отбасылық жанжал үшін сотталған
Sputnik

ТАЛДЫҚОРҒАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында полиция шаруа қожалығының басшысын өлтірді деген күдікпен екі жалдамалы жұмысшыны ұстады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жақында Кербұлақ ауданының полициясына жергілікті тұрғындар Алтын-Емел асуына жақын жерде ер адамның мәйітін тапқаны туралы хабарлама келді. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары марқұм Іле ауданының 65 жастағы тұрғыны екенін анықтады.   

Бес рет қастандық жасалған: Алматы облысында кәсіпкерді өлтіріп кетті

Көп ұзамай фермердің өліміне күдіктілердің бірін жедел қызметкерлер жәбірленушінің көлігінде ұйықтап жатқан жерінен тапты. Екіншісі Қоңырөлең ауылының маңында ұсталды.

Ұсталғандар марқұмның шаруа қожалығында шопан болып жұмыс істеген және сол күні олар Жаркенттен қайтып келе жатқан. Бір кезде мастардың арасында жанжал шығып, екі шопан жұмыс берушіні ұрып-соғып, артынан буындырып өлтірген.

Полицияның мәліметінше, сондай-ақ фермердің ұялы телефоны, 100 доллары, 6 мың теңгесі мен автокөлігі ұрланған. Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауда отыр.