Өңірлер

Назарбаев Жамбыл облысына барды

Кездесуде Елбасыға әскери қоймадағы жарылыстан зардап шеккен Байзақ ауданы тұрғындарына көмек көрсету шаралары және қалпына келтіру жұмыстары туралы мәлімет берілді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысында әлеуметтік-мәдени нысандарға барды, деп хабарлады Elbasy.kz.

Назарбаев Жамбыл облысына барды

"Тұңғыш президент алдымен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесті. Кездесуде Елбасыға әскери қоймадағы жарылыстан зардап шеккен Байзақ ауданы тұрғындарына көмек көрсету шаралары және қалпына келтіру жұмыстары туралы мәлімет берілді", - делінген ақпаратта.

Назарбаев Жамбыл облысына барды

Жамбыл облысының әкімі Елбасыға өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайлы баяндады. Сондай-ақ  аграрлық сектордағы мәселелерді шешуге және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар талқыланды. Елбасы өңір басшылығының жұмысына оң баға берді.  

Назарбаев Жамбыл облысына барды

Кездесуден кейін Назарбаевы "Әлжан ана" тарихи музейінің қызметімен танысып, мекеме аумағына ағаш отырғызу рәсіміне қатысты. Ол ауылдағы Мәдениет үйіне барды. Елбасы Жамбыл облыстық филармониясының артистері мен аудандық Мәдениет үйінің шәкірттері орындаған музыкалық шығармаларды тыңдады.

Сондай-ақ спорттық-сауықтыру кешенінің жұмыс барысымен танысты. Кешенде ауқымды арена, әмбебап зал және күрес пен боксқа арналған зал бар.