Фото

Алматылық фотографтың суреттері Drone Awards байқауында жоғары бағаланды

Sputnik

Жеңімпаздар арасында алматылық фотограф Александр Власюк пен оның "Жағажай маусымы" атты суреті де бар.

Алматылық фотограф қыс мезгіліндегі аязға қарамастан, Қапшағай су қоймасында "күнге қыздырынып", мұздық үстінде жатқан жұпты түсірген. Бұл сурет Drone Awards аэросуреттер байқауында "Адамдар" номинациясында екінші орынды иеленді.

Александр Власюк Drone Awards байқауына осымен екінші рет қатысып отыр. Бұл жолы алматылық фотографқа сәттілік серік болған сыңайлы.

Бірақ Александрдың халықаралық фотобайқаулардың жеңімпазы атануы бірінші рет емес. Оның бұдан басқа да марапаттары жетерлік.

Drone Awards аэросуреттер байқауында биіктен, яғни дрон, парашют, дирижабль, батпырауық немесе басқа да әдістердің көмегімен түсірілген суреттер іріктелді.

Бұл жылы конкурсқа кәсіби және әуесқой фотографтар қатыса алды. Байқауға әлемнің 102 елінің фотографтары өз туындыларын жолдаған. "Сұрала қаздар қысты қарсы алуда" атты суреті үшін норвегиялық Терье Колаас гран-при жеңіп алды.

Drone Awards аэросуреттер байқауының басқа да жеңімпаздары түсірген суреттерді Sputnik материалынан тамашалаңыз.

1 / 15
Александр Власюктың "Жағажай маусымы" атты суреті "Адамдар" номинациясы бойынша екінші орынды иеленді. Сурет Қапшағай су қоймасында минус он градусты аязда түсірілген
2 / 15
Фотограф Терье Колаас (Terje Kolaas) көктемнің орнына қыста ұшып келген қысқатұмсықты сұрала қаздардың суреті үшін байқау гран-приі мен жыл фотографы деген атаққа ие болды. Сурет Норвегияда түсірілген. Климаттың өзгеруіне байланысты құстар жыл сайын қар ерімей-ақ ерте ұшып келуде. Олар барлық кезде бір бағдармен келеді. Сондықтан дрон көмегімен осындай сурет түсіруге мүмкіндік бар
3 / 15
"Қала" аталымы бойынша Сергей Полетаев "Қала мен қыс жайлы ауыспалы пікір" суретімен жеңімпаз атанды
4 / 15
Лэмпсо Кармин Иптың (Lampson Karmin Yip) "Бір кадр" атты суреті "Спорт" номинациясы бойынша қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды
5 / 15
Жасыл тасбақа Оман жағалауында жұмыртқалағаннан кейін суға қайта оралуда. Кадр авторы Касима әл Фарси (Qasim Al Farsi) "Жабайы табиғат" категориясында жеңді
6 / 15
Пху Кхан Буи (Phu Khanh Bui) "Әруақтарға дұға жаса" дейді. Кадр қазылар алқасының жоғары бағасын алды
7 / 15
"Мангр тоғайындағы балық аулау" суреті Чунг Фам Хаюға (Trung Pham Huy) "Адамдар" категориясынжа жеңіс алып келді
8 / 15
"Табиғат" категориясында Мартин Санчестің (Martin Sanchez) ғарыштан түсірілген суретіне тең келетін туынды болмады. Суретте Исландиядағы вулкан атылуы бейнеленген
9 / 15
"Абстракция" категориясында Георге Попаның (Gheorghe Popa) "Уланған өзен" жұмысы үздік деп танылды
10 / 15
"Мәңгілікке өзіңмен бірге". Фото авторы Маттео Оригинале (Matteo Originale) "Үйлену тойы" номинациясында жеңді
11 / 15
Паоло Крокеттаның (Paolo Crocetta) жұмысы "Қала" номинациясында жоғары бағаланды
12 / 15
Дуойишудегі күріш алқабы фантастикалық кейіпке енген. Сурет авторы Ран Тиан (Ran Tian) "Абстракция" номинациясында үздік деп танылды
13 / 15
"Спорт" категориясында "Кемпірқосақ шетіндегі алтын" суретінің авторы – Фил Де Гланвилль (Phil De Glanville) жеңді
14 / 15
Батыл қалыңдықты түсірген Кшиштоф Кравчиктің (Krzysztof Krawczyk) бұл суреті "Үйлену тойы" категориясында жоғары бағаланды
15 / 15
"Күннің батуы кезіндегі түйе көлеңкелері" атты сурет Джим Пикоға (Jim Picôt) "Қала" номинациясында жоғары бағаға ие болды