Әлем

Мәйітті сөмкеге салып, түк болмағандай таксиге отырған ер адам ұсталды

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бойжеткен үйдің тұңғышы болған. Өлерден бірнеше күн бұрын отбасымен хабарласқан
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек — Sputnik. Қытайдың Цзянси провинциясы Тайхэ қаласының тұрғыны мәйітті сөмкег салып, таксиге отырған. Бұл туралы South China Morning Post басылымы хабарлады. 

33 жастағы Се Лэй таңертең таксиге мінген кезде жүргізуші чемоданды орналастыруға көмектесті. Ол сөмкенің тым ауыр болғанына мән берген. Кейін жағымсыз иіс сезіп, қан ізін көрді, деді полицияда.

Лэй таксист полицияға хабарласып жатқанын көріп қалды. Ол чемоданды тастап қашып құтылмақ болған. Полицейлер сөмкенің ішінде 19 жастағы бойжеткеннің денесін тапты. Марқұм караоке-барда жұмыс істеген. Лэй де сол барда қызмет еткен. Алайда тамыз айында жұмыстан шыққаны анықталды. 

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктіні табу үшін 30 мың юань (2 млн теңгеге жуық) сыйақы ұсынды. Ер адам Цзян округіндегі пәтерден табылды. 

Ол не үшін қылмысқа барғаны белгісіз. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бойжеткен үйдің тұңғышы болған. Өлерден бірнеше күн бұрын отбасымен хабарласқан.