Өңірлер

Жамбыл облысында алтын іздеушілер ұсталды

Тоғыз адам күдікке ілінді. Полицияның ақпаратынша, олар қоймада ең кемі 10 тонна кен сақтаған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында алтын іздеушілер тобы құрықталды, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Алтын өндірушілер бағалы металды шахталардан заңсыз өндірген. Алтын кен орындары Мойынқұм ауданының Ақбақай ауылынан 20 шақырым жерде орналасқан.

Полиция тоғыз жергілікті тұрғынды ұстады. Олар өнеркәсіптік ауқымда әрекет еткен. Анықталғандай, олар қоймаларда ең кемі 10 тонна кен сақтаған. Сондай-ақ, олардың иелігінде екі ұнтақтағыш кешен мен құрамында алтыны бар металды өңдеуге арналған аппараттар болған.

Тағы оқыңыз: "32 мың адам ұсталды": депутат алтын іздеушілерді қылмыстық жазаға тартуды талап етті

Еске салсақ, тамыздың соңында заңсыз алтын өндірумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы күрес бойынша арнайы операция аясында 30-дан астам адам ұсталды. Арнайы операция Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Шымкентте және Ақмола мен Маңғыстау облыстарында өтті. Ұйымдасқан қылмыстық топ заңсыз алтын іздеуші "бригадирлерге" демеуші болғаны анықталды.