Спорт

Александр Винокуров Ниццада Ironman 70.3 чемпионы атанды

Қазақстандық велошабандоз қашықтықты 4 сағат 55 минут және 22 секундта өтті. Оның ішіне жүзу, велосипед тебу кезеңі мен жүгіру енген
Sputnik

АЛМАТЫ, 13 қыркүйек — Sputnik. Олимпиада чемпионы, "Астана" велокомандасының бас менеджері  Александр Винокуров өзінің жас тобында Ironman 70.3 чемпионы атанды. Жарыс Ниццада өтті, деп Prosports.kz.

Қазақстандық велошабандоз қашықтықты 4 сағат 55 минут және 22 секундта өтті. Оның ішіне жүзу, велосипед тебу кезеңі мен жүгіру енген. Спортшы соңғысы оңайға соқпағанын айтты.

"Отыз жылда Қазақстан мен біздің халық көптеген қиындықты еңсерді. Күш-жігердің арқасында тамаша жетістіктерге қол жеткіздік. Бұл жарыста жеңіске жету қиын болды, өзіме деген сенім мен күшті талап етті. Жеңісімді Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаймын" - деді ол өзінің Instagram парақшасында.

Александр Винокуров кәсіби велошабандоз. "Вуэльты Испании 2006" мен 2012 жылы топтық сайыста Олимпиада чемпионы атанды.