Спорт

Минсктегі турнирде қазақстандық балуандар ел қоржынына 3 медаль салды

Әйелдер командасының өкілдері екі "күміс" және бір "қола" жеңіп алды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық балуандар Минскте күрес түрлерінен "Александр Медведь" халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлады Olympic.kz.

Қазақ боксшысы қарсыласын нокаутқа түсіріп, чемпиондық белбеу жеңіп алды – видео
Беларусь елінде күрес түрлерінен Гран-при кезеңі өтіп жатыр. Әйелдер күресі бойынша сынға түскен қазақстандық балуандар ел қоржынына үш медаль салды. 

Атап айтқанда, Аяжан Саду (72 келі) мен Эльмира Сыздықова (76 келі) күміс медаль иеленді. Ал 55 келіде белдескен бұрымды балуан Гүлдана Белдеш қоржынды қоламен толықтырды. 

Айта кетерлігі, еркін күрестен бозкілемге шыққан қазақстандық Азат Оганиссян финалға жолдама алды. 61 келіде бақ сынайтын ол жергілікті балуан Андрей Бекреновпен жарыстың алтынын сарапқа салады.