НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақтан шықты.
12 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
Оған сәйкес "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары тұр.
"Сары" аймаққа Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары кірген.
"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы.
Өткен тәулікте 3 575 адам коронавирус жұқтырды. Жалпы пандемия басталғалы республикада COVID-19 жұқтырғандар саны 839 499 адамға жетті. Оның ішінде 758 090 адам емделіп, сауығып шықты.
Тағы оқыңыз: Карантин шектеуі қалай жеңілдетіледі – жаңа қаулы шықты
12 қыркүйектегі мәлімет бойынша 79 417 адам коронавирус инфекциясынан (71 112 КВИ+ және 8 305 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 16 319 пациент стационарда, 63 098 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында 1 283 адамның жағдайы ауыр, 342 пациент хәл үстінде жатыр, 190 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
11 қыркүйектегі мәлімет бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 7 072 523 адам, 2-ші компонентін 5 893 619 адам салдырды.