НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Диетолог Михаил Гинзбург 60 жастан асқан адамдарға қанттан бас тартуға кеңес берді, себебі бұл өнім қарттар үшін қауіпті болуы мүмкін, деп хабарлады Народные Новости.
Гинзбург сонымен қатар күнбағыс майын пайдаланбауға кеңес берді, өйткені артық май қышқылдары егде жаста қабынуды тудырады, көңіл-күй мен мінез-құлыққа әсер етеді. Оны зәйтүн майымен алмастыруға болады.
Қызыл ет, атап айтқанда, шошқа, сиыр және қой еті де зиянды. Оның орнына құс пен балықты көбірек жеу керек. Еленген ұннан жасалған өнімдер, ақ нан, туралған батон, картоп, күріш те ағзаға зиянын тигізуі мүмкін.
Сарапшының айтуынша, қартайған кезде көкөністерді, сарымсақ пен пиязды көбірек жеу керек. Ашытқан сүт сусындарын, ірі дәнді дақылдарды тұтыну пайдалы.