Өңірлер

Үсік жүреді: синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын айтты

Ертең, 12 қыркүйекте бірнеше өңірде тұман түседі, жел күшейеді, үсік жүреді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Қазгидромет бірқатар өңірде дабылды ескерту жариялады.

Дабылды ескерту

Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Таңертең солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-18 м/с дейін барады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігі мен оңтүстік-шығысын тұман басады, желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың оңтүстік-батысында 2 градус үсік жүреді. Көкшетау қаласында солтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде 2 градус үсік болжанып отыр.

Қарағанды облысының солтүстігі мен солтүстік-батысында тұман күтілуде, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде 2 градус үсік жүреді. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында күндіз екпіні 15-20 м/с жел соғады. Павлодар қаласында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады.

Тағы оқыңыз: "Адам ұшыратындай": Нұр-Сұлтанды шаңды дауыл басты

Шығыс Қазақстан облысында түнде солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде басым аумағында жаңбыр жауады, найзағай жарқырайды. Облыстың батысында түнде 2 градус үсік болжанып отыр, желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавл қаласында жел күндіз 25 м/с дейін күшейеді.

Қостанай облысының батысында 2 градус үсік жүреді. Өңірдің солтүстігі мен солтүстік-батысында тұман күтілуде, жел соғады.

12-14 қыркүйек Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде +7, күндіз +11 градус.

Алматыда күн бұлтты, аздап жаңбыр жауады, түнде +15, күндіз +23 градус.

Шымкентте күн ашық, түнде +17 градус, күндіз +26 градус жылы.