Білім

Қазақстандық оқушылар Балқан олимпиадасынан бес медальмен оралды

Олар Балқан елдері, сондай-ақ Ұлыбритания, Италия, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің оқушылары қатысқан жарыста жақсы нәтиже көрсетті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Балқан олимпиадасында қазақстандық оқушылар 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. 

Зияткерлік жарысқа 18 елден жүзден астам оқушы қатысты. Командалық есепте Қазақстан ұлттық құрамасы 6-шы орынға тұрақтады. Еліміздің атынан Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларынан 6 оқушы қатысты.

Жеңімпаздар - күміс медаль иегері Таир Сатубалдин, қола жүлдегерлер — Нұрасыл Әбдіразақ, Рахим Баймурзин, Юрий Тен, Батырхан Сакенов. Құрмет грамотасымен Сам Фетуллах марапатталды.

Оралда оқу жылы басталмай жатып 38 сынып карантинге кетті

"Олимпиаданың турнирлік күнінде жас математиктердің алдына қиын міндет қойылды. Олар төрт тапсырманы шешуі тиіс болды. Әр дұрыс шешім үшін қатысушылар 10 ұпай алды. Біздің оқушылар Балқан елдері, сондай-ақ Ұлыбритания, Италия, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің білім алушылары қатысқан жарыста жақсы нәтижелер көрсетті. Оқушыларымыз әлемдік шыңдарды бағындырып, Қазақстанды лайықты деңгейде танытуы үшін дарынды балаларды іріктеу және ел ішінде олимпиадалар өткізу бойынша жұмыстарды жалғастыратын боламыз", — деп атап өтті "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Нұркешов.

Биыл математикадан Балқан олимпиадасы 6-10 қыркүйек аралығында өтті.