Фото

Бірнеше шақырымға созылған көгалдағы таңғаларлық алып суреттер

Sputnik

Өзінің британдық әріптесі Бэнксимен салыстырғанда француз Saype (Say Peace) көрермендерден тығылмайды. Оның әлеуметтік желідегі парақшасынан суретшінің жұмысын жиі көруге болады.

Гийома Легроның туындылары адамды таңғалдырмай қоймайды. Суреттер қала ортасында, мұхит жағалауында немесе тау етегінде үлкен аумақты алып жатыр. Бұл туындыларды тамашалау үшін жерден  биік тұру керек.

Saype фрескаларының тағы бір ерекшелігі – олар толығымен экологиялық дүние болып саналады. Суретші бояуынан бірде-бір тал шөпке залал келмеген. Легро өзінің алып суреттері үшін биологиялық ыдырағыш компоненттер – табиғи өсімдік майы, көмір, сүт және су қолданады.

2020 жылдың сәуірінде Гийом "Дағдарыстан кейін" деп аталатын үш шақырымға созылған сурет салды. Пандемияға байланысты оқшауланған кішкентай қыз қол ұстасып тұрған өз достарының суретін салып отырғаны бейнеленген. Осы картина суретшіні әлемге танымал етті. Сол шақтан бері оның әрбір туындысы жарық көрген бойда бүкіл әлемге жылдам таралады. Бұл картиналар ауа райы қолайлы болса, шамамен бір ай өзгеріссіз тұра береді. Ал одан соң жауын, жел немесе шөптің өсуі және қурауы картинаны өшіріп тастайды.

Saype өз шығармашылығында үнемі бірлік тақырыбын қозғайды. Оның суреттері, тіпті, Beyond Walls "Қабырға сыртында" деп аталатын жобаға біріктірілді. Суретші алып туындыларды салу үшін әлемнің кең әрі ғажайып табиғаты бар аймағын таңдайды.

Француз суретшінің таңғаларлық туындыларын Sputnik суреттер топтамасынан көріңіз.

1 / 12
"Жаңа тыныс" фрескасы Швейцарияның Ле Молезон тауларының биігінде орналасқан. Мұны тамыздың соңында суретші Гийом Легро салған. Суретшінің айтуынша, әрбір адамның ішінде жаңалыққа жаны құмар бала өмір сүреді
2 / 12
Кот-д'Ивуар, Ямусуркодағы Нотр-Дам-де-ла-Пэ алдында "жайғасқан" бұл сурет те Beyong Walls жобасының бірі саналады. Оның жалпы аумағы 18 000 шаршы метрді құраса, соның ішінде 12 500 шаршы метр толық боялған. Картина ұзындығы 600 метр және ені 30 метрді құрайды
3 / 12
Beyong Walls "Қабырға сыртында" жобасының алғашқы картиналарының бірі Париждегі Эйфель мұнарасының жанындағы Марс алаңында салынған
4 / 12
Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына орай Saype Женевада осы ұйым өкілдігінің алдында көлемі алты мың шаршы метр болатын картина салды
5 / 12
Суретші Saype қолынан шыққан "Қабырға сыртында" ленд-артының Нотр-Дам-де-ла-Пэ алдындағы жалпы көрінісі, Кот-д'Ивуар
6 / 12
Швейцариялық бақташы альпілік Лезен курорты аумағындағы Шо-де-Мон тау-шаңғы баурайында демалып жатыр
7 / 12
"Қабырға сыртында" жобасының "оныншы қадамының" Бениндегі фрагменті
8 / 12
Лезен курортындағы "Дағдарыстан кейін" деп аталатын картина оқшаулану кезеңінің аяқталуына арналған
9 / 12
Қағаздан жасалған қайықты Женева өзеніне жіберіп жатқан кішкентай қызды бейнелейтін алып фреска теңізде босқындарды құтқарумен айналысатын SOS Mediterranee үкіметтік емес ұйымына қолдау ретінде салынған
10 / 12
Суретші Saype мен Ямусуркодағы Нотр-Дам-де-ла-Пэ храмының дін қызметшісі алып сағат тілі арасында демалып жатыр, Кот-д'Ивуар
11 / 12
"Болашақ тарихы" деп аталатын фреска Роше-де-Най баурайында салынған. Алып картинаны салуға 600 литрден астам ұн, су, сүт ақуызы мен биоыдырағыш табиғи пигменттер қолданылды. Ол Glion-Rochers de Naye арасындағы теміржол желісінің 125-ші мерейтойына орайластырылған
12 / 12
Танымал Volkswagen Type 2 немесе VW Kombi Швейцариядағы тау беткейінде бейнеленді